Каспий теңізінде жер сілкінді
13 маусым күні Каспий теңізінде магнитудасы 4 балдық жер сілкінісі болды.
08:41 14.06.2019
Теңіздегі жер сілкінісін Әзербайжан сейсмологтары тіркеді. Әзербайжанның республикалық сейсмологиялық қызметінің мәліметінше, теңіздегі жер асты дүмпулері Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:32-де тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі 62 шақырым тереңдікте орналасқаны белгілі болды. Айта кетейік, бұған дейін Каспий теңізінде 4,7 және 4,8 балдық күші бар жер асты дүмпулері тіркелген. Екі жағдайда да жер сілкінісінің эпицентрі 62 шақырым тереңдікте болды.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!