{metadescription}
Тоқаев елордадағы ашық құдықтар туралы: Бұл - масқара

Тоқаев елордадағы ашық құдықтар туралы: Бұл - масқара

Әлемдік деңгейдегі кездесулер өтіп жатқан қалада ашық құдықтар мәселесі әлі де шешімін тапқан жоқ.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан активінің алдында сөз сөйлеп, қаладағы ашық жатқан кәріз құдықтары туралы айтты. Өз сөзінде Тоқаев ашық жатқан кәріз құдықтары туралы айтып, адамдардың өміріне қауіп төндіретінін атап өтті.

«Қараңыздаршы, қыруар қаржы бөлініп жатыр, ал жолдар шұрық-тесік. Құдықтар проблемасы бар. Бұл масқара. Еуразия астанасы аталатын елордада адамдар люктарға құлап, жоғалуда. Және бүтін бір Үкімет пен әкімдік бұл проблеманы шеше алмай отыр. Жер бетіндегі мәселелермен айналысу қажет. Әңгімелер мен әдемі сөздерді азайту керек. Бұл қолымыздан келеді, бірақ жұмыс істеңдер. Ең бірінші кезекте, адамдар үшін», - деді Президент.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде