4 жұмысшы қазасынан соң «Астана Су Арнасының» басшылары тұтқындалды
Төрт кісінің өліміне әкеп соққан оқыс оқиғаға қатысты мекеменің лауазымды тұлғалары кеше елорданың уақытша оқшаулағышына қамалды.
10:23 14.06.2019
Қайғылы оқиға 2019 жылдың 23 мамырында болған. Коммуналдық қызметтің төрт жұмысшысы Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайы маңында канализациялық сорғы станциясының резервуарын бөлшектеп жатып, құдық ішінде улы газдарға уланып, бірінен соң бірі есін жоғалтты. Дәрігерлер олардың өміріне араша түсе алмады.
«Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті 23 мамырда екі немесе одан да көп адамгның қайтыс болуына әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу барысында бірқатар сараптама мен арнайы тексеру жұмыстары жүргізілді. Куәгерлерден жауап алынды. Тергеу амалдарын жүргізу барысында «Астана Су Арнасы» мекемесінің лауазымды тұлғаларының кінәсі анықталды. Осы жылдың 13 маусымында аталған факті бойынша Полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына «Астана Су Арнасы» мекемесінің екі жетекшісі В. және М. қамалды», - деп хабарлады Ғазиз Нұрқаев.
Еске сала кетсек, «Астана су арнасының» 4 қызметкері метан газынан уланып көз жұмғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Елорданың Полиция департаменті осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!