Көпір опырылды, қаза тапқандар бар
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар саны белгісіз.
13:20 14.06.2019
Қытайдың Хэюань қаласы Юаньчэн ауданында (Оңтүстік Қытай, Гуандун провинциясы) орналасқан Дунцзян көпірі учаскесінде 14 маусымда 02:12-де көпір опырылып, салдарынан кем дегенде екі жеңіл көлік суға құлады.
Қазіргі уақытта бір адам құтқарылды, зардап шеккендер мен қаза тапқандар саны белгісіз. Оқиға орнында іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр. Өткен аптада толассыз жауған жаңбыр салдарынан Гуандун провинциясының бірқатар аудандарында су тасқыны болды. Солардың арасында Хэюань қаласы қатты зардап шекті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!