Оралда із-түзсіз кеткен Азия чемпионы табылды
Оралда жоғалып кеткен таеквондодан кадеттер арасында Азия чемпионы Лиана Кушкеева аман-есен табылды.
08:14 19.06.2019
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 16 жасар Лиана анасы екеуі үйлеріне кетті.
«Орал қаласы полиция басқармасында Лианамен тәртіп сақшылары, психолог сөйлесті. Жағдайы жақсы», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда таеквондодан Азия чемпионының жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!