Атырауда бүлдіршінді ұрған балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды
Атырауда тілінде кемістігі бар балаларға арналған мамандандырылған балабақшада бүлдіршінге қол көтерген тәрбиеші жұмысынан қуылды.
10:55 19.06.2019
Осыған дейін баланы ұрып-соғып жатқан сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. Желі қолданушылары жергілікті билік өкілдерінен мектепке дейінгі мекеменің қызметкеріне шара қолдануды сұрады. Артынша жазбаға қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі назар аударып, жауап берді.
«Қалалық білім бөлімі тәрбиешінің әрекеті үшін кешірім сұрайды. Сонымен қатар ол балаларға арналған мекемеде педагогикалық әдепті бұзғаны үшін, 18 маусымда шыққан №25 бұйрық бойынша қызметінен босатылды. Қалалық білім басқармасы Атыраудың мектепке дейінгі мекемелерінің басшылары мен тәрбиешілеріне қызметтерін адал және қызметтік міндеттерін дұрыс атқару керек екенін ескертеді. Енді осындай оқиға қайталанатын болса мекеме қызметкерлері мен оның басшылығы қызметтен босатылады», - делінеді әкімдіктің хабарламасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!