5-6 жылдан кейін Қазақстанда неке қиятындар саны көбейеді
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов халық алдында есеп беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
13:25 19.06.2019
Халыққа есеп беру кездесуінде елордалық тұрғын министрден замандастары арасында шаңырақ көтергендер аз екенін айтып, «некелесу санының азаюы елдің экономикалық жағдайымен байланысты ма?» деп сұрады.
«Экономист ретінде, мен үшін барлығы экономикамен байланысты. Жақында статисткаға көз жүгірттім, сонда үйленгендер арасында ажырасу жоғары екенін байқадым. Ол түрлі себептерге байланысты. Қазір жыл сайын 100 мың неке қиылса, өкінішке қарай 50 мыңдайы ажырасуға арыз береді екен. Осыдан 5-6 жылғы уақытпен салыстырғанда неке қиятындар саны азайғанын байқаймыз. Бұны зерттей келе қазір 1990 жылы туғандар шаңырақ көтеріп жатқанын байқадық. Ол тұста туу төмендеген болатын. Алдағы 5-6 жылда неке қиятындар саны қайтадан 150 мыңға дейін жететін болады», - деді министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!