{metadescription}
Ақтөбе облысында департамент басшысының орынбасары сотталды

Ақтөбе облысында департамент басшысының орынбасары сотталды

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары парақорлық қылмысы бойынша бас бостандығынан айырылды.

«Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері бұдан бұрын облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Х.Үкібаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтаған болатын. Үкібаев осы жылдың наурыз айында білім саласындағы кешенді аудитте оң қорытынды жасап бергені үшін Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысынан 300 мың теңге пара алған», - делінген агенттіктің хабарламасында.

Мұғалжар аудандық сотының үкімімен Х. Үкібаев 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сотталушы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымда еңбек ету құқығынан айырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде