Ақтауда ауруханадан қашқан 36 жастағы науқастың денесі табылды
Ақтауда 36 жастағы жігіт ауруханадан қашып кетті.
13:44 21.06.2019
Арада біраз уақыт өткенде аурухана маңынан науқастың денесі табылды. Жамбасындағы жарақатқа шағымданған. Тексеру кезінде дәрігерлер оның жағдайының бірқалыпты екенін айтқан. Науқас қойылған сұрақтарға жауап беріп, есінің дұрыс екенін көрсеткен. Кейін науқастың жамбасын қарағанда, ішкі бетінде жарақаттар болған.
Кезекші травмотологтар және хирургтар алғашқы көмек көрсеткен. Кейін науқас сары аймаққа қан тапсыруға жіберілген. Ол санитар маманмен бірге 6-қабатқа краниография жасауға барған. Қызметкердің айтуынша, науқас көз алдында қашып кеткен. Сөйтіп, оны жоғалтып алады. Облыстық аурухананың қызметкерлері аурухананың ішін түгел іздестіріп шықты.
Бірақ, таба алмады. Жағдай 102 қызметіне хабарланады. Сол күні сағат түскі 2-лер шамасында аурухананың аумағынан ер адамның денесі табылған. Қазір аталған іспен полиция айналысуда.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!