{metadescription}
Президент өзіне ақыл айтқан 3-сынып оқушысына көлік сыйлады

Президент өзіне ақыл айтқан 3-сынып оқушысына көлік сыйлады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 1 маусым күні Ташкент облысындағы Бустан ауылына сапарлап барды.

Президенттің алдында оқушы қыз Фазилат Якубова өлең оқыды. Оқушы елдің дамуына бағытталған "Бес бастама" атты өлең оқыды. Мемлекет басшысына оқушы қыздың өлеңі қатты ұнап, оның отбасына көлік сыйлауға уәде еткен еді.

Жақында президент берген уәдесі бойынша, 3-сынып оқушысы Фазилат Якубованың отбасына Chevrolet Cobalt көлігін сыйлады, деп жазады stan.kz. Көлік кілтін Ташкент облысы әкімінің міндетін атқарушы Рустам Холматов табыстады. 

"Президент алдында айтылған бес бастама өңір тұрғындарына жаңа серпін берді. Тұрғындардың көзқарасы өзгеріп, әсіресе жастар жігерленді. Мұғалім ретінде сенімді түрде айтарым, кітап оқу мен спорт олардың өмірінің бір бөлшегіне айналды. Үлкен қызым Шахноза 6-сыныпта, кішісі Фазилат 3-сыныпта оқиды. Екеуі де өлең жазады. Кітап оқу - сүйікті ісі. Презденттің ұсынысымен үйде кітапхана ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Жастар кеңесі 2 мың кітап беруге уәде етті. Мен бес бастаманың жастардың жан жақты дамуына, ал жастардың ел болашағын дамытуына көмектеседі деп сенемін", - дейді оқушы қыздың әкесі Хикматилла Якубов.

Осы аудандағы музыкалық-көркемөнер мектебіне президент атынан автобус сыйға берілді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде