{metadescription}
Қостанайда жолаушылар автобусы өртенді

Қостанайда жолаушылар автобусы өртенді

Өрт кезінде қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған. 

Қостанайда тапа тал түсте жолаушылар автобусы отқа оранды. Оқиға 21 маусымда "Аэропорт" шағын ауданында болған. "Вольво" жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Төтенше жайттың видеосын басылым редакциясына куәгерлер жіберіпті.

Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, автобустың қозғалтқышы мен салонының бір бөлігі өртенді. Абырой болғанда, өрт кезінде қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған. Өрт жеті минутта сөндірілді, алдын ала себебі – қысқаша тұйықталу. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде