{metadescription}
Өскеменде шалбарын шешіп балаларды шошытқан ер адамды іздеп жатыр

Өскеменде шалбарын шешіп балаларды шошытқан ер адамды іздеп жатыр

Өскеменде полиция қызметкерлері, шалбарын шешіп балалардың зәресін қашырған ер адамды іздестіруде.

Оқиға бульвар Гагарина, 32 көп қабатты үйінің ауласында болған, деп хабарлайды Алтайньюс. Бейнежазбада ер адамның өзін біртүрлі ұстап, тіпті балалардың ойын алаңына барып шалбарын төмен түсіргені көрініп тұр. Куәгерлердің айтуынша, балалардың зәресін қашырған еркек бейнежазбаға дейін аулада шприц қалдырып кеткен көрінеді.

Полция бөлімшелеріне аталған факт бойынша шағым түспеген. Алайда, құқыққорғау органдары мәселенің жай-жапсарын тексерміз деп отыр. Полиция басқармасының баспасөз қызметі осындай жағдайға тап болған қала тұрғындарына, 102 каналына хабарласуларын өтінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде