{metadescription}
Шымкентте 3 жасар бала сегізінші қабаттан құлап көз жұмды

Шымкентте 3 жасар бала сегізінші қабаттан құлап көз жұмды

Шымкентте сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен кішкентай бала құлап кетті.

Оқиға қаладағы Назарбаев даңғылы бойындағы көп қабатты ғимараттардың бірінде болған. Көршілердің айтуынша, ол кезде үйде ересек ешкім болмаған. Бала оқиға орнында көз жұмған. Көршілер шақырған жедел жәрдем оқиға орнына 10 минутта жеткен.

Өкінішке қарай, дәрігерлер тек баланың қаза тапқанын ғана растай алды. Ресми орындар әзірге оқиғаға байланысты түсініктеме бермеді. Осыған ұқсас қайғылы оқиға Петропавл қаласында да болған. 2018 жылы туған қыз 9 қабатты үйдің соңғы қабатынан құлап кетіп, мерт болған.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде