Қарсыласын 5 секундта құлатқан файтер тарихқа кірді
Оңтүстік Корея файтері Вон Джун Чой отандасы Хван Ин Суды бес секундта нокаутқа түсірді.
13:52 24.06.2019
Орта салмақтағы спортшылар жекпе-жегі Road FC 54 турнирінде өтті. Нокаут оңтүстік кореялық промоушен тарихындағы ең жылдамы болып тіркелді. Негізі жеңіс екі секундта болған, қалған үш секундты төреші талып түскен спортшының жағдайын тексерумен өткізген. Осындан кейін техникалық нокаут тіркелді.
Осылайша, 29 жастағы таеквондошы Чой ММА-де төртінші жеңісіне жетті, сонымен қоса ол үш рет жеңілген. Ал 25 жастағы кикбоксшы Хван алғаш рет жеңіліп тұр, мұның алдында ол төрт жекпе-жегінде жеңген.
Дереккөз: vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!