Елордада екі қабатты үй өртеніп, әйел күйіп қалды
Елорданың Сарыарқа ауданына қарасты Медеу көшесінде қос қабатты жатахана өртеніп, әйел адамды күйік шалған.
12:35 24.06.2019
Оқиға кешкі сағат 20.00 шамасында болған. Өрт сөндірушілер келгенде жатақхананың шатыры жанып жатқан. Қызыл жалын жатақханаға жапсарлас тұрған үйге де жайыла жаздаған.
«Сағат 20.12-де өрт ауыздықталып, 20.45-те толық сөндірілді. Жалпы ауданы 100 шаршы метр аумақ өртенді. Күйік шалған 1977 жылы туған әйел ауруханаға жатқызылды. Жалынды ауыздықтауға елордалық төтенше жағдайлар департаментінен 23 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген төтенше жағдайлар комитеті таратқан ақпаратта.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!