Арыс тұрғындары шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілуде
Арыс тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.
13:21 24.06.2019
2019 жылдың 24 маусымында 09:20-да өрт сөндіру қызметінің пультіне Түркістан облысы Арыс қаласындағы №44856 әскери бөлім территориясында қоймада жарылыс болып, артынша өрт шыққаны жайлы хабар түскен. Жарылыс болған жерге Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 52 адамы мен 12 өрт техникасы, сондай-ақ Шымкенттен 4 техника, жеке құрамның 23 адамы мен 1 кинологиялық топ жұмылдырылған.
«Қазіргі уақытта өрт сөндіру және эвакуация жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, зардап шеккендер жайлы ақпараттар бар. Қазіргі сәтте облыс әкімінің бастауымен жұмыс тобы құрылды», - деді әкімдікте.
Еске салсақ, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Қорғаныс министрлігінің өкілдері Арыстағы жарылыстарға қатысты мәлімдеме жасаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!