{metadescription}
ҰБТ: Бір ғана талапкер 140 балл жинай алды

ҰБТ: Бір ғана талапкер 140 балл жинай алды

Ұлттық бірыңғай тест тапсырған түлектерден республикалық аппеляциялық комиссияға 111 өтініш түсті.

Бұл туралы бүгін ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты.

Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеудің бес күнін қорытындылады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаевтың айтуынша, тестілеуге өтініш берген 74 365 түлектің 71 227-сі ҰБТ-ға қатысқан. Бұл - өтініш бергендердің 96 проценті. Оның ішінде қазақ тілінде – 56684, орыс тілінде – 14455, ағылшын тілінде 87 түлек тапсырды.

Оның атап өтуінше, бүгінгі күнге дейін ең көп таңдалып отырған пәндер тізбесінде  физика, математика, биология жән химия бар.

«ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 21 бала қатысты. Оларға арнайы жеке аудитория берілген, арнайы мамандар жұмыс істеді. ҰБТ өткізу технологиясын сақтау мақсатында өңірлерге жіберілген министрлік өкілдері оны қамтасыз етті. Барлық аудитория ұялы телефон сигналдарын басатын құралдармен, бейнекамералармен жабдықталған.  Тестілеу өткізу мерзімінде Ұлттық тестілеу орталығының call-орталығына 546 қоңырау түсті. Олардың көбісі - тамыз айында болатын ҰБТ және жоғары оқу орындарына түсу бойынша сұрақтар. ҰБТ-2019 нәтижелері edu.mail.kz сайтында және телеграм-ботта - edu.gov.kz bot, сонымен қатар ұлттық тестілеу орталығының сайтында - www.testcenter.kz жарияланды. Бүгін сағат 13:00-ге дейін жергілікті жерлерде апелляциялық комиссия жұмыс істеп жатыр. Республикалық апеляциялық комиссияға жалпы 111 өтініш келіп түсті, оның ішінде 63-і қанағаттандырылды, 81-і қайтарылды», - деді Ә.Тойбаев.  

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде