{metadescription}
Арыс тұрғындарына көмек көрсетіп жатқандардың ішінде жастар көп

Арыс тұрғындарына көмек көрсетіп жатқандардың ішінде жастар көп

Алматылықтар Арыс тұрғындарына көмектесу үшін гуманитарлық көмек жинауға кірісті.

Бүгін қаланың екі нүктесінде көмек қабылдау пункті ашылды. Көбінесе тұрғындар азық-түлік, қажетті құралдар, киім-кешек жинап жатыр. Шамасы келгендер ақшалай көмек жинап жатыр.

«Мұнда не болғанын естігенде бойымды қорқыныш биледі. Әсіресе қорғансыз қалған балалар үшін, аналар үшін жаным ауырды. Мен қазір жылы көрпешелер, балалардың киімдерін әкелдім. Бұған дейін де ардагерлер үйіне, балалар үйіне көмектесіп тұратынмын», - деді қала тұрғыны Мәдина Сәкен.  

Қол ұшын созған азаматтардың ішінде жастар көп. Олардың бірі студент, ҚХА мүшесі - Руслан Тәджібаев.

«Бұл қай адамның болмасын басына түсуі мүмкін жағдай. Біз қиын сәтте бір-бірімізіге көмектесуіміз керек. Әйтпесе адамгершілігіміз қайсысы?», - деді Руслан.  

Алматыда «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен «Арыс, біз біргеміз» акциясы ашылды. Таратылған хабарламада гигиена заттары, консервілер, жарма, су, балалар киімі, ормала, жамылғылар, көрпелер қажет делінген. Жинақ пункті Абылай хан көшесі, 79 мекенжайы бойынша ашылды. Бұл пінкт тәулік бойы ашық тұр.  8 747 129 39 69 телефондары арқылы хабарласуға болады.

«Мен - алматылықпын» қозғалысының белсенділері де ашып отыр. Олардың қайырымдылық нүктесі Altyn Arystan ушу мектебінде Жандосов көшесі, 55/3, (7 701 985 06 08) мекенжайында орналасқан.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан екі адам мерт болды. 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде