{metadescription}
Қазақстанда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс жоғары

Қазақстанда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс жоғары

Соңғы бес айда елімізде 25 мыңға жуық жаңа автокөлік сатып алынды.

Олардың басым бөлігі Қазақстанда құрастырылған. «ҚазАвтоПром» компаниясының мәліметінше, 2019 жылдың қаңтар-мамыр аралығында елімізде 24,7 мың жаңа жеңіл автокөлік сатылған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,9%-ға жоғары. Қазақстанда  құрастырылып  сатылған көліктердің  үлесі бір жыл ішінде 47,1% -дан 55,6% -ға дейін өсті. Ал импорттық  автокөліктерді сату үлесі керісінше  52,9% -дан 44,4% -ға дейін төмендеді.

2019 жылдың бес айында  сатылған көліктер арасында  «LADA» көш бастап тұр. Екінші орында «Тоyotа», үшінші орында «Hyundai» автокөліктері. «АзияАвто» және «СарыарқаАвтоПром» құрастырып шығарған автокөліктер  арасында «LADA» бренд саналады. Бес айдың ішінде  5,9 мың  көлік  сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30,6% -ға көп. «Hyundai»  4,6 мың. «KIA» маркасы үштікке ілінді  1,6 мың  көлік сатылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде