{metadescription}
Депутат жедел жәрдем бригадасына рецепт жазып беруге рұқсат етуді ұсынды

Депутат жедел жәрдем бригадасына рецепт жазып беруге рұқсат етуді ұсынды

Жанат Омарбекова әлемдік тәжірибеде дәріні рецептісіз сатуға үзілді-кесілді тыйым салынғанын атап өтті.

Мәжіліс депутаттары жедел жәрдем бригадасына рецепт жазып беруге рұқсат етуді ұсынып отыр. Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа жолдаған депутаттық сауалында дәрі-дәрмек мәселесін көтерді.

Депутат дәріханаларда дәрі-дәрмектің тек қана рецепті бойынша берілуін қолдап отыр. Айтуынша, халық көп жағдайда дәрігерлердің көмегіне жүгінбей, өздері емделгенді құп көреді. Бірақ мұның салдары өте ауыр болуы мүмкін дейді ол.

"Өкінішке қарай, адамдар ауру белгілері байқала бастаған кезде, учаскелік дәрігерге емес, дәріханаға жүгіреді. Әлемдік тәжірибеде дәріні рецептісіз сатуға үзілді-кесілді тыйым салынған. Бұл тұрғыдан препараттарды сатуға бақылауды күшейткен жөн, әрине", - деді Омарбекова мәжілістің жалпы отырысында.

Десек те, ол денсаулық сақтау министрлігіне шұғыл жағдайларда жүгінген азаматтарға рецепт жазып беру тетігін әзірлеуді ұсынды.

"Жедел жәрдем бригадаларына рецепті жазып беруге рұқсат етіп, кейін пациенттің жүгінгені туралы учаскелік дәрігерге хабар беру қажет деп санаймыз", - деді депутат.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде