{metadescription}
Арыстағы жарылыс: Назарбаев тапсырма берді

Арыстағы жарылыс: Назарбаев тапсырма берді

Елбасы Арыс қаласындағы жарылыстан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Жиында Түркістан облысының Арыс қаласындағы қазіргі ахуал және еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Арыста қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, сондай-ақ жарылыс салдарын жоюға атсалысып жатқан барлық құзырлы орган қызметкерлерінің және волонтерлердің қажырлы еңбегін ерекше атап өтті.  

"Соңғы ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендердің саны 160-тан асты. Барша қазақстандық бірлігіміздің бекем екенін көрсетіп жатқанын атап өткім келеді. Еліміздің әр түкпірінен азаматтар алаңдаушылық білдіруде, түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмыскерлері зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бірігіп жатыр. Бір өңірдің басына түскен қиыншылық – бәрімізге ортақ мәселе. Біз халқымыздың ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Барша қазақстандықтарға ризашылығымды білдіремін", – деді Назарбаев.

Елбасы өңірде қалыпты жағдайды тезірек қалпына келтіру және тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсету үшін мемлекет тарапынан барлық шара қолға алынып жатқанын атап өтті. Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша еліміздегі су ресурстарының және су шаруашылығы нысандарының жай-күйі талқыланды. Сондай-ақ, тұрғындар үшін таза ауыз судың қолжетімді болуына және суды үнемдеп пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.    

Отырыс қорытындысы бойынша Арыс қаласында жөндеу жұмыстарын жүргізу және азаматтардың тұрғылықты жеріне оралуын ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде