Қостанайда бойжеткен жатақхана терезесінен құлаған
Қостанай қаласында 17 жасар колледж студенті жатақхананың үшінші қабатынан құлап кеткен.
08:37 27.06.2019
Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға Қостанай қызмет көрсету колледжінің жатақханасында болған.
«26 маусым күні сағат 01:30-да облыстық балалар ауруханасына 17 жасар қыз түсті. Ол жатақхананың терезесінен құлап кеткен. Полиция бұл факт бойынша тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Бойжеткеннің колледж студенті екені анықталды. Оған «омыртқаның жабық сынығы» диагнозы қойылды. Жағдайы ауыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!