Шымкентте бомба туралы жалған ақпарат таратқан әйелдер ұсталды
Шымкентте қуатты бомба жарылысы болады деп жалған ақпарат таратқан екі әйел адам ұсталды.
11:08 27.06.2019
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ведомство мәліметінше, Шымкент қаласының полиция департаменті екі әйелді ұстаған. Олар қуатты бомба жарылысы болады деген жалған ақпаратты таратқан. Ішкі істер органдарымен ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Ішкі істер министрлігі тұрғындардан әлеуметтік желілер арқылы және түрлі мессенджерлер арқылы таралатын жалған ақпаратқа сенбеуін және үрейге бой алдырмауын сұрайды», - делінеді хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!