{metadescription}
Петропавлда кәсіпкерлерді бопсалаған блогер ұсталды

Петропавлда кәсіпкерлерді бопсалаған блогер ұсталды

Петропавлда 38 жастағы блогер бопсалау дерегі бойынша тұтқындалды.

Ол қоғамдық көліктердегі бұзушылықтарды видеоға түсіріп алып, желіде жариялап жіберетінін айтып қорқытқан. Полиция мәліметінше, блогер әлеуметтік желідегі парақшасын қоғамдық көліктерде тәртіптің сақталуына арнаған. Ол салондағы ластықты, жүргізушінің шылым шеккенін видеоға түсіріп алып, желіде жариялапты.

«Алайда артынша жолаушылардың құқығын қорғау бойынша күрес бопсалаушылыққа ұласқан. Жәбірленушінің сөзінше, «блогер» өзі жиі түсіретін бағыттардың иелерінен ақша талап етіп, олардың бұзушылықтарын жасырып қалатынын айтқан. Осылайша, ол әр автобустан 200 теңге талап етіпті. Кәсіпкерлердің бірі оның шотына ақша аударған. Күдікті тағы бір кәсіпкерден 286 мың теңге көлемінде ақша алып жатқан жерінен ұсталды», - дейді полиция департаментіндегілер. 

Күдікті Петропавл қаласының 1981 жылғы тұрғыны болып шықты. Ол бұған дейін мүліктік және тұлғаға қарсы қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған, деп жазады stan.kz

«Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Полиция оның әрекетінен зардап шеккендер мен келтірілген шығынның мөлшерін анықтап жатыр», - дейді СҚО полиция департаментінің тергеу басқармасының басшысы Қайрат Қасымбеков. 

Аталған дерек ҚР ҚК 194-бабы 2-тармағына (Бопсалау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарының тізімдемесіне тіркелді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде