{metadescription}
Шымкентте 12 жыл бойы нәресте күткен ана дүниеге үшем әкелді

Шымкентте 12 жыл бойы нәресте күткен ана дүниеге үшем әкелді

Қыздардың үлкені Айзия 2,400 грамм болып туды.

Ал, Айзере мен Алуа 2 келіден сәл ғана асады. Шымкентте 12 жыл бойы нәресте күткен ана дүниеге үшем әкелді.  Шала туған шақалақтарды дәрігерлер бір ай бойы күтіп, апта басында перзентханадан шығарды. Аида Баянболова – 33 жаста. Алғашқы жүктілігінде дүниеге үшем әкеліп отыр. Әйел бақытын 12 жыл күткен келіншек жасанды ұрықтандырудың арқасында үш қыздың анасы атанды

"Өте қуаныштымын, Аллаға шүкір, осындай ана бақытын сезінуді бәріне тілер едім. Бұл керемет сезім", - дейді үшемнің анасы Аида Баянболова.

Қыздардың үлкені Айзия 2,400 грамм болып туды. Ал, Айзере мен Алуа 2 келіден сәл ғана асады. Сәбилер 21 күн дәрігерлердің бақылауында болып, перзентханадан шығарылды. Ата-анасы мен туыстарының қуанышында шек жоқ.

Сондай-ақ, тағы бір жас ана үшем дүниеге әкеліп, қаланың демографиялық өсіміне үлес қосты. 21 жасында 3 баланың анасы атанған Гүлмира Қуандықова жүктілігінің 32-ші аптасында босанды. Шала туған нәрестелер қазір жан сақтау бөлімінде жатыр.

"Қуаныштымын, үшем екенін жүктілігімнің 3-ші аптасында білдім", - дейді жас ана.

Жас ана мен сәбилерге қалалық денсаулық сақтау басқармасы атынан арнайы сыйлық табысталды.

"Бұл біздің қаламызда жыл басынан бері туған алғашқы үшемдер. Екеуі қатар дүниеге келіп отыр. Алғашқысын шығардық, міне екіншісі жан сақтау бөлімінде. Ерте туған нәрестелердің салмағы өте аз. Бірақ соған қарамай №1 перинатальдық орталық дәрігерлері бар күшін салып, сәбилерді оңалтуда. Анасының да көңілі тоқ", - дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Инна Глазебная.

Бір қуантарлығы күнгейде дүниеге келген үшемдер қатары көбейіп келеді.

Дереккөз: Otyrar.kz


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде