Алматыда мас жүргізуші баланы қағып, ізін жасырған
Алматы облысында 51 жастағы ер адам 9 жастағы баланы көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кетті.
16:15 27.06.2019
Қазір түрлі дене жарақатын алған жасөспірім ауруханада жатыр. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданының Байтерек ауылы маңындағы жанар май құю бекетінің маңында болған. 25 маусым күні кешкісін жаяу жүргінші жолағында 9 жастағы баланы қағып кеткен. Зардап шеккен жасөспірім түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
«Оқиға орнынан ізін суытқан көлік жүргізушінің «Нива Шевролет» маркалы машинаны тізгіндегені анықталды. Жедел-іздестіру барысында 51 жастағы күдікті ұсталды. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында күдіктінің ішімдік ішкені анықталды. Ер адам ұсталып, Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөлімшесіне жеткізілді», - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!