Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады
27-28 маусым күндері Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
17:53 27.06.2019
28 маусым күні Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік және солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с болады деп күтіледі. 27 маусым күні кешке, 28 маусым тәулік бойы Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады.
Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. 28 маусым күні Шымкент қаласында таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с деп күтіледі. 28 маусым күні Түркістан қаласында таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
28 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан cоққан жел солтүстік-шығыс бағытына ауысып кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 28 маусым күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, шығыстан жел соғады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады деп күтіледі.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!