{metadescription}
Бурятияға қонған ұшақ өртеніп кетті

Бурятияға қонған ұшақ өртеніп кетті

«Ангара» әуе компаниясының деректеріне қарағанда, ұшақ бортында барлығы 47 адам болған.

Бурятияның Нижнеангарск әуежайына Ан-24 жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонған бетте өртенген. Апат салдарынан екі экипаж мүшесі қаза тауып, 30-ға жуық жолаушы зардап шекті. Бурятия үкіметінің мәлімдеуінше, Улан-Удэден шыққан «Ангара» әуе компаниясының Ан-24 жолаушылар ұшағы бейсенбі күні таңертең қозғалтқыштарының бірі істен шығуына байланысты Нижнеангарск әуежайына апатты жағдайда қонған.

Қону кезінде ұшақ ұшып-қону жолағынан шығып кетіп, тазарту қондырғылары ғимаратына соқтығысып, артынша өрт шыққан. «Ангара» әуе компаниясының деректеріне қарағанда, ұшақ бортында барлығы 47 адам болған, деп жазады ҚазАқпарат. Республика үкіметі апат салдарынан ұшқыш Владимир Коломин мен техник Олег Барданов мерт болғандығын мәлімдеп отыр. Олардың денесін кабинадан құтқарушылар алып шықты.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.