{metadescription}
Әбдірахымов: Шымкентте мүгедектер мен табысы төмен 130 мың адам үй кезегінде тұр

Әбдірахымов: Шымкентте мүгедектер мен табысы төмен 130 мың адам үй кезегінде тұр

Шымкент әікім Ғабидолла Әбдірахымов жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындармен кездесіп, халықтың үшінші мегаполистен үй беру жөніндегі талаптарына жауап берді.

"Шымкенттен үй беруді талап етіп отырсыздар. Қалада 130 мың адам, мүгедектер мен табысы төмен жандар баспана кезегінде тұр. Оларға не деуім керек? "Сіздерге бермеймін, арыстықтарға беремін" деп айтуым керек пе? Олар да адам ғой.

Арыс - жақсы қала. Экономика дами түседі. Ертең ол жерде ешқандай да оқ-дәрілер болмайды. Оларды алып кетеді. Жаңа үйлер мен жаңа жолдар салынады" , - деді шаһар әкімі.

Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев эвакуацияланған тұрғындардың қалада қауіпті экологиялық жағдай болуы мүмкін деген күдіктерін жоққа шығарды.

"Біз бірге болумыз керек. Арыста ешқандай да радиация жоқ. Үй салып береді. Одан кейін өздеріңіз шешесіздер. Сатасыздар ма, жоқ па" , - деді ол.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде