Арыс тұрғындары орталық алаңға шықты
Шымкентте жиналған Арыс тұрғындары қала көшелеріне шықты.
Фото: Dilara Isa (RFE/RL)
18:52 27.06.2019
Арыс тұрғындары Қазақстанның басқа қалаларынан үй беруді талап еткен. Олар көше жолын жауып тастаған. Басым бөлігі Арыс тұрғындарынан құралған наразы топтың басты талабы - әскери қоймадағы жарылыстан кейін ішінара бүлінген Арыс қаласынан өздерін басқа жаққа көшіру.
Қалада радиация барын айтқан тұрғындар ол жақта демалу мүмкін емес екенін айтып, экологиясына шағымданды. Соңғы он жылда бірнеше рет жарылыс болғанын айтқан арыстықтар жарылыстың тағы болмасына ешкім кепілдік бере алмайтынын айтты.
Еске салсақ, Ғабидолла Әбдірахымов жұртты "қызбалыққа салынбай, сабыр сақтауға" шақырды.
"130 мың адам баспана кезегінде тұрған Шымкенттен сіздерге үй беруге мүмкіндік жоқ" деді әкім.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!