{metadescription}
Мешітке келгендерге оқ атқан адам өз-өзіне қол жұмсады

Мешітке келгендерге оқ атқан адам өз-өзіне қол жұмсады

Францияның батысындағы Брест қаласындағы мешітте оқ атқан адам өз-өзіне қол жұмсады.

Бейсенбі күні Париж уақытымен сағат 16:30 шамасында белгісіз біреу Брест қаласында (Францияның батысы) Понтанезен аймағында орналасқан мешіттің алдында адамдарға оқ атып, ізін суытқан. Атыс салдарынан кем дегенде екі адам жарақат алып, ауруxанаға жеткізілді. ВҒМ телеарнасының ақпараты бойынша, зардап шегушілер арасында мешіттің имамы бар.

Полиция күдіктіні бірнеше сағат бойы іздеп, оның денесін көлігінің маңынан тапты. Оның жеке басы анықталды, неліктен оқ атқаны тексеріліп жатыр. Франция ішкі істер министрі Кристоф Кастанер діни ғимараттар орналасқан аймақтарды жіті бақылауға алуды тапсырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде