{metadescription}
Air Astana ұшағы Мәскеуге қонуға мәжбүр болды

Air Astana ұшағы Мәскеуге қонуға мәжбүр болды

Ұшақ Лондоннан Нұр-Сұлтанға рейс жасауы тиіс еді.

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясының ұшағы Шереметьево әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды.

"27 маусым күні КС 942 рейсімен ұшқан Air Astana әуе компаниясы ұшағының бір генераторы істен шықты. Ол Лондон-Нұр-Сұлтан бағытымен шыққан болатын. Ұшақ Мәскеу уақытымен сағат 00:18-де Шереметьево әуежайына қонуға мәжбүр болды. Ұшақ штаттық режимге сай қонды", - деп хабарлады Air Astana-ның баспасөз қызметі.

Әуе компаниясындағылар қазір ақауды жою жұмыстары жүріп жатқанын айтты. 93 жолаушы Мәскеу уақыты бойынша сағат 09:50-дегі қосымша рейспен (Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сағат 12:50) Нұр-Сұлтан қаласына ұшады.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде