{metadescription}
Экс-президент Атамбаев: «Мені ұстауға келсеңдер, атысамын»

Экс-президент Атамбаев: «Мені ұстауға келсеңдер, атысамын»

Бұрынғы мемлекет басшысы экс-президент мәртебесінен айырылды.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев сыйға алған тапаншасы бар екенін және «оңайшылықпен берілмейтінін» мәлімдеді. Жогорку Кенеш экс-президент Алмазбек Атамбаевты ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру туралы шешім қабылдады. 103 депутат шешімді қолдап дауыс берсе, алтауы қарсы болды. Дауыс беруге барлығы 109 депутат қатысты. Аталған шешім бас прокуратураға жолданды.

Атамбаевтың жақтастары оның Қой-Таш ауылындағы үйіне жиналды. Саясаткер журналистермен әңгімелесіп, жағдайды түсіндірді.

«Күш құрылымдары арасында біздің жақтастарымыз көп... Мені тұтқындауға дайындалып жатқанын білемін. Бәріне дайынмын. Егер ұстауға келетін болса, сыйға алған тапаншам бар екенін ұмытпасын, мен мұны ашық ескертіп жатырмын. Оңайшылықпен беріле салмайтынымызды білсін. Алайда маған жіберетін жігіттерді аяймын. Қырғызда «жатып өлгенше, атып өл» деген сөз бар. Менің жанымда ешкім болмайды», — деді Атамбаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде