Жаңа білім министрі студенттер шәкіртақысы қаншаға өсетінін айтты
Келер оқу жылынан бастап жұмысшы мамандықтарында оқып жатқан студенттердің стипендиясы 30 процентке көтеріледі.
16:42 28.06.2019
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов колледж студенттерінің шәкіртақысын көтеру туралы айтты.
"Жақында президенттің тапсырмасы бойынша жұмысшы мамандықтарында оқып жатқан студенттердің стипендиясы 30 процентке көтеріледі. Енді, оның көлемі 21 787 теңге болады", - деді Аймағамбетов есеп беру кездесуінде.
Еске салсақ, Тоқаев жарлыққа қол қойып, кімдердің несиесі өтелетінін жазған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!