Алматыда полицей 17-қабаттан секірмек болған жігітті құтқарды
Алматыда жас жігіт 17 қабаттан секіріп өтпек болды.
19:29 28.06.2019
Оқиға Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешенінде болды. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жергілікті тұрғындар полицияға хабарлап, жігіттің жоғары қабаттан секірмек болғанын айтқан.
"Бірінші болып полиция аға лейтенанты Әділбек Қозыбеков аздаған уақыт ішінде оқиға орнына жетті. Бұл уақытта екі ер азамат жігітті райынан қайтаруға тырыс жатты. Аға лейтенант Қозыбеков жас жігітітң мұндай қадамға не себепті барғанын сұрады. Нендей проблемасы барын сұрап, уақытты ұзартуға тырысты. Осылайша өзі де жігітке жақындай бастады. Бір сәтте полицей жігітке жақындап, темекі ұсынды. Жігіт оның ұсынысын қуана қабылдады. Бұл сәтті ұтымды пайдаланған Қозыбеков жігітті ұстап, подъезд ішіне кіргізді", - дейді Бостандық ауданының полиция подполковнигі, полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!