{metadescription}
Арыстың 44 мыңнан астам тұрғыны Үкіметтен 100 мың теңгеден алады

Арыстың 44 мыңнан астам тұрғыны Үкіметтен 100 мың теңгеден алады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласына келіп, халықтың тұрмыс тіршілігімен танысты.

Орын алған төтенше жағдайға байланысты жиын өткізіп, қаланы қалпына келтіру мәселелерін талқылады. Жиында Үкімет басшысы Арыстағы әрбір отбасы мүшесіне яғни 44 мыңнан астам тұрғынға 100 мың теңгеден берілетінін айтты. Үкіметтен бөлінетін қаражат бір айдың ішінде тұрғындардың қолына тиеді. Ал, әскери қару-жарақ қоймасын көшіру 2 апта ішінде басталады.

Асқар Мамин сондай-ақ, Арыстық кәсіпкерлерге 1 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие берілетінін жеткізді. Бұдан бөлек, теміржолшылар қаласы алдағы екі  жылдың ішінде толық газдандырылады. Жаңадан бір аурухана салынатын болды. Қираған ғимараттар бір айдың көлемінде  қалпына келтіріліп, жарылғыш заттар екі аптаның ішінде қауіпсіз аймаққа көшіріледі.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде