{metadescription}
11 млн жымқырды деген күдікпен білім министрінің көмекшісі ұсталды

11 млн жымқырды деген күдікпен білім министрінің көмекшісі ұсталды

Министрдің көмекшісі үлкен көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды. 

Хабараламада Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің көмекшісі үлкен көлемде бюджеттен бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікпен ұсталғаны айтылған. Ол қызметін теріс мақсатта пайдаланып, алаяқтық жолымен бюджеттен студенттерге арналған жазғы стартап мектептерге жұмсалуы тиіс 11 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілініп отыр. 

Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталушының қаншалықты кінәлі екеніне байланысты сот үкімі шығатын болады. Алайда ҚР БҒМ баспасөз қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратында қате жіберілгендігі туралы хабарлайды. Бюджет қаражатын ірі мөлшерде ұрлау фактісі бойынша министрдің көмекшісі емес, ҚР БҒМ жауапты хатшысының көмекшісі күдікті деп танылып отыр. 

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде