Екі нокдаун мен нокаут: Садриддин Ахмедов 90 секундта жеңіске жетті
Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.
10:29 30.06.2019
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (8-0, 7 КО) Канаданың Тетфор Мин қаласындағы бокс кешіне қатысты.иОның қарсыласы мексикалық Даниэль Вега Кота (14-3-1, 11 КО) болды. Сегіз раундқа есептелген бірінші орта салмақтағы жекпе-жекте Ахмедов бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Оның қарсыласы 90 секундтың ішінде екі рет нокдаунға түсті. Жекпе-жектің видеосын төменде көруге болады. Ахмедовтың бұл кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісі, ал Кота төртінші рет жеңіліске ұшырады.
21 жастағы қазақстандық кәсіпқой бокстағы екі чемпиондық белбеуді иеленіп үлгерді – WBC "жастар" титуы мен бірінші орта салмақтағы WBC Asia белбеуі. Сондай-ақ Садриддин әуесқой бокста жастар арасында әлем чемпионы атанған.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!