Титулын қорғаған әлем чемпионы Головкинді айқасқа шақырды
Америкалық боксшы Деметриус Андраде (28-0, 17 КО) Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО) пен Геннадий Головкинді (39-1-1, 35 КО) жекпе-жекке шақырды.
15:07 30.06.2019
«Канело» қайда? GGG қайда? Мен кезекті рет он екі раундтық керемет бокс пен өзімнің джебымды көрсеттім. Сулецки - бұл Роллс та, Филдинг те емес. «Канело», айқас ұйымдастырайық!» - деді Андраде.
Деметриус Андраде төрешілердің бірауызды шешімімен (120-107, 120-107, 120-107) поляк Мацей Сулецкиден (28-2, 11 КО) басым түсіп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы атағын екінші рет қорғап қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!