{metadescription}
Қазақстан Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан адамдардың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

«Иркутск облысындағы су тасқыны салдарынан елді мекендердің қирағаны және адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны жөніндегі хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын және олардың қайғысына ортақ екенімізді жеткізуіңізді сұраймын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.

Еске салсақ, Ресейдің Иркутск обысында су тасқыны болып, 22 мың адам жарықсыз қалғанын жазған болатынбыз.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде