{metadescription}
Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлады

Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлады

Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлап, бір адам зардап шеккен.

Оның видеосы Instagram желісінде жарияланды. Жол апаты Саин - Райымбек даңғылдарының қиылысындағы жолайрықта болған. Қазір оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр. Алматы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оң қолы ауыратынын айтып бір адам медициналық көмекке жүгінген.

«Түркістан облысының тұрғыны №7 қалалық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді. Оған шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Қазір ол амбулаторлық емдеуге жіберілді», - дейді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде