Рұқсат етілмеген жерде суға түскен 40 жастағы қостанайлық көз жұмды
Рұқсат етілмеген жерде суға шомылған Қостанай қаласының тұрғыны көз жұмды.
17:54 01.07.2019
Оқиға кеше болды. Ер адамның мәйітін жергілікті тұрғындар судан шығарды.
«Кешке «Геолог» бау-бақша қоғамы ауданындағы Тобыл өзені жағасында жергілікті тұрғындар 1979 жылы туған азаматтың мәйітін судан алып шықты. Ол жабдықталмаған жерде суға секірген. Куәгерлердің айтуынша, ол мас күйінде суға түскен», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Кісі өлімінің нақты себептері анықталып жатыр. Мәйіт медициналық сараптамаға жіберілді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!