Алматыда шыны сынығымен ер адамның мойнынан кесіп өлтіріп кетті
Алматы облысында ер адамның өліміне 49 жастағы ер адам ұсталды.
08:37 02.07.2019
Алматы облыстық полиция департаментінің мәлімітенше, Қаскелең қалалық ауруханасына мойны жарақатанған ер адам түседі. Дәрігерлердің көмегіне қарамастан 50 жастағы зардап шегуші есін жимастан көз жұмды. Оны еңбек алаңында жалдамалы жұмысшылар арасында көргендер табылды. Полиция өлімге қатысты күдіктіні ұстады.
"Іргелі ауылының тұрғыны ұсталды. Олар бір бірімен таныс болған. Марқұм ер адам да, күдікті не әртүрлі жұмыс істеп ақша тауып жүрген. Екеуі жандалдасып қалып, соңында төбелеседі. Күдікті марқұмның мойнын шыны сынығымен кесіп жібереді. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр", - деді облыстық полиция департаменті.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!