{metadescription}
«Шабыт» университеті өртенді

«Шабыт» университеті өртенді

Елордадағы «Шабыт» университетінің бірінші қабаты өртенді.

«1 шілде күні кешкі сағат 20:36-да ТЖД-ның «101» пультіне Тәуелсіздік даңғылында орналасқан «Шабыт» университетінің өртеніп жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Өрт университеттің 1 қабатындағы  кабинеттердің бірінен шыққан. Жалын сағат 20:57-те ауыздықталып, сағат 21:03-те толық сөндірілді», - деді ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Өрттен зардап шеккендер жоқ.

«Өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 20 адам және қалалық ТЖД-ның 5 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - деді ол.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде