Аспаннан түскен мәйіт Лондон тұрғынын жазым ете жаздады
Лондонның Клэпхэм ауданында өз ауласында күн шуағына арқасын қыздырып жатқан адамның дәл жанына аспаннан мүрде құлады.
10:02 02.07.2019
Оқыс жағдайдан жаға ұстаған тұрғындар шұғыл полиция шақырады. Анықталғандай, адам денесі Хитроу әуежайына қонардың алдында Kenya Airways әуе компаниясы ұшағының шассиінен құлаған. Скотленд-Ярд өкілдерінің жорамалынша, мерт болған адам билетсіз ұшқан көрінеді. Жолаушы өзімен бірге ас-суын да алып алған екен.
Олар кейінірек ер адам жасырынып отырған жерден - шасси бөлігінен табылды. Айта кетейік, ұшақ Найробиден Лондонға дейін 9 сағаттай ұшқан. Жазым болған адамның тұлғасы әзірге анықталған жоқ.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!