{metadescription}
Алматы облысында ауласында марихуана өсірген тұрғын ұсталды

Алматы облысында ауласында марихуана өсірген тұрғын ұсталды

Көксу ауданының тәртіп сақшылары аудан орталығы - Балпық би кентіндегі үйлердің бірінен құрамында есірткі заты бар өсімдікті баптап өсіру дерегін әшкереледі.

41 жастағы үй иесі аталған заңбұзушылықты жасады деген деген күдікке ілінді.

«Баптап өсірілген марихуана күдіктінің бақшасынан табылған. Полицейлер жалпы салмағы 16 килограмм болатын 22 түп марихуананы қазып алып, тәркіледі. Қазіргі уақытта тыйым салынған өсімдікті өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды»,- деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.  

Облыстық полицияның ақпараты бойынша, биыл облыста марихуана өсірудің 7 фактісі анықталған. Аталмыш фактілер бойынша Қарасай, Көксу, Ескелді аудандарының және Текелі қаласының тұрғындары қылмыстық жауапкершілікке тартылды.    

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.