{metadescription}
Колумбияда автомобиль 18 адамды басып кетті

Колумбияда автомобиль 18 адамды басып кетті

Колумбияда автомобиль бір топ адамды басып кетті.

Кем дегенде 18 адам зардап шеккен. Бұл туралы El Tiempo басылымы жазды. Газеттің жазуынша, оқыс оқиға дүйсенбі күні ел батысындағы Валье-дель-Каука департаментінің Ла-Кумбре муниципалитетінде болған. Жүргізуші көлікті басқара алмай, спорт алаңында жүрген бір топ адамды қағып кеткен.

Жарақаттанғандардың оны - бала. Олардың барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Жергілікті билік оқиға себептерін тексеруге кірісті. Алдын ала деректерге қарағанда, көліктің тежегіші істен шыққан болуы мүмкін.    

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.