{metadescription}
Алматыда әкесі 8 жасар ұлын аяусыз ұрып-соқты деп күдіктелді

Алматыда әкесі 8 жасар ұлын аяусыз ұрып-соқты деп күдіктелді

Алматы облысы полицейлері 8 жасар баланың соққыға жығылған оқиғасын тексеруде.

Іске қатысты баланың әкесі күдікті ретінде ұсталды.  8 жасар бала Есіктегі ауруханаға әртүрлі дене жарақатымен түсті. Бала өзін әкесі ұрғанын айтқан. Дәрігерлер дереу құқық қорғау органдарына хабарласып, оқиғаны баяндады. Полицейлер баланың ата-анасына қатысты алдын ала тергеу жүргізді.

Полиция баланың Алматыдағы анасына бару үшін үйден қашып кеткенін анықтады, деп жазады stan.kz. Құқық қорғау органы баланың анасын және 49 жастағы әкесін тапты. Әкесінен  жауап алынды, қазір ол қолхатпен босатылды. Іс ерекше бақылауға алынады. Анасы қазір ұлымен бірге ауруханаға жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.