Жас жігіт қабірге қойған кезде қозғала бастады
Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр болғанымен, миы "тірі" екенін айтты.
11:05 04.07.2019
Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Лакхнау қаласында ер адам өзінің жаназасы кезінде қозғала бастады. 20 жастағы Мохаммед Фуркан (Mohammad Furqan) жұма, 21 маусым күні болған жол апатынан соң ауруханаға жеткізілген. Ал дүйсенбі күні дәрігерлер оның көз жұмғанын хабарлады. Қайғыдан қан жұтқан отбасы жаназаға дайындала бастады.
Алайда денені қабірге қойған кезде жігіт қозғала бастаған. Мохаммед бірден ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер жасанды тыныс алу аппаратына қосқан. Олардың айтуынша, науқастың жағдайы өте ауыр. Бірақ миы "тірі".
"Оның қан қысымы, тамырының соғуы, барлық рефлексі жұмыс істеп тұр", - деді дәрігерлер.
Фуркан Мохаммед Ирфанның ағасы отбасы жігіттің жеке ауруханада емделуіне 700 мың рупий төлегенін айтты.
"Ақша біткен кезде дәрігерлер інімнің өлгенін хабарлады", - дейді ол.
Қаланың бас дәрігері Нарендра Агарвал (Narendra Agarwal) бұл оқиға жіті тексерілетінін жеткізді.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!