{metadescription}
Багам аралдарында тікұшақ апатқа ұшырап, миллиардер қаза тапты

Багам аралдарында тікұшақ апатқа ұшырап, миллиардер қаза тапты

Багам аралдарында тікұшақ апатқа ұшырады.

Багам аралдарында тікұшақ апатқа ұшырап, жеті адам, соның ішінде көмір магнаты және миллиардер Крис Клайн қаза тапты, деп хабарлайды BNO News басылымы Америка билігіне сілтеме жасап. Олардың дерегі бойынша, оқыс оқиға бейсенбі күні таңертең  орын алған. Тікұшақ Багам аралдарының солтүстігіне жақын маңда Атлант теңізіне құлаған. Апат әуе кемесі аспанға көтеріліп, ұшып кеткеннен кейін бірнеше уақыт өткеннен соң болды.    

Бортта болған жеті адамның ешқайсысы тірі қалған жоқ. Қаза болғандардың бірі – көмір магнаты және миллиардер Крис Клайн. Жақында оның туған күні екен, тірі болса, 62 жасқа толар еді. Forbes журналының мәліметінше, 2000 жылдардың бас кезінде байыған Клайнның дәулеті өлер алдында 1,8 миллиард долларды құраған.

Еске салсақ, крематорийдегі баланың дауысы желі қолданушыларын шошытқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде